02 Мар

Айналайын_Бай_ау_а _атысу шарттары_vk_kz



Vk.com әлеуметтік желісінде «Айналайын көшбасшысы» байқауына қатысу ережелері:

1. Байқауға 18 жасқа толған, Қазақстан Республикасының азаматтары қатыса алады;

2. Байқауды Ұйымдастырушы және Тапсырыс беруші жүлдені бермей тұрып қатысушының азаматтығы мен жасын растайтын құжаттарды талап етуге құқығы бар;

3. Байқауды Ұйымдастырушы мен Тапсырыс беруші кез келген қолданушыны байқауға қатыстырмай қоюға құқылы;

4. Байқауды Ұйымдастырушы мен Тапсырыс беруші байқаудың кез келген қатысушысын байқаудан шеттетуге құқылы;

5. Байқауды Ұйымдастырушы мен Тапсырыс беруші байқаудың шарттарын, ережелері мен ұтыстарын өзгертуге құқылы;

6. Vk.com сайтындағы «Айналайын: қыз-келіншектер клубы» тобындағы (https://vk.com/club122396353) жазбаларға пікір білдіре отырып, топ мүшесі «Сөз шебері» номинациясы бойынша автоматты түрде байқауға қатысушы болады.

7. Vk.com сайтындағы «Айналайын: қыз-келіншектер клубы» тобындағы (https://vk.com/club122396353) жазбаларға «Ұнату» батырмасын басу арқылы топ мүшесі «МенАйналайын» номинациясы бойынша автоматты түрде байқауға қатысушы болады. Бренд қоғамдастығында 1 қаңтар 2017 жылдан бері жарияланған жазбаларға қойылған «Ұнату» белгілері ғана есептеледі.

8. Vk.com сайтындағы «Айналайын: қыз-келіншектер клубы» тобындағы (https://vk.com/club122396353) жазбаларға пікір жазып, «Ұнату» батырмасын басу арқылы байқауға қатысушы байқау шарттарын қабылдайды.

9. Бір жеке тұлға бірнеше әлеуметтік желі (Facebook, ВКонтакте, Instagram) арқылы байқауға қатыса алады, алайда біреуінде ғана жеңіске жетеді.

10. Топтың бір мүшесі «Айналайын көшбасшысы» байқауының бір реттен көп жеңімпазы бола алмайды.

11. Байқауға қатысу үшін міндетті шарттар:

Vk.com сайтындағы «Айналайын: қыз-келіншектер клубы» тобына жазылу;

қатысушының парақшасы байқау өткізіліп жатқан уақытта барлық қолданушылар үшін ашық тұруы қажет.

 

12. Жеңімпазды анықтағанда 2017 жылдың 1 наурызынан (Астана уақытымен 12:00-ден) 30 наурызға дейінгі (Астана уақытымен 12:00-ден) пікірлер мен «Ұнату» белгілері есепке алынады.

 

13. Байқау қорытындысы бойынша екі жеңімпаз анықталады: қазылардың шешімі бойынша ең қызық пікір қалдырған «Сөз шебері» номинациясы бойынша бір қатысушы, екіншісі — «МенАйналайын» номинациясы бойынша ең көп басылған «Ұнату» белгісі үшін. Ұнату белгісінің қорытындысы сыртқы сервис jagajam.com арқылы анықталады. Бірдей «Ұнату» белгісін қалдырған көшбасшылар random.org сайты арқылы таңдалады.

 

14. Қорытынды 31 наурыз 2017 жылы Vk.com сайтындағы «Айналайын: қыз-келіншектер клубы» тобында (https://vk.com/club122396353) жарияланады.

 

15. Ұтысты жеңімпаздың өзі немесе оның өкілі жеке куәлігін немесе құжатын көрсету арқылы ала алады. Құжатта немесе жеке куәлікте көрсетілген мәліметтер байқауға қатысушының тіркелген уақыттағы мәліметтерімен сәйкес болуы керек.

16. Ұтыс ақшалай баламада берілмейді.

17. Ұтысты табыстаған соң байқауды Ұйымдастырушы мен Тапсырыс беруші басқа ештеңеге міндетті емес. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес байқауды Ұйымдастырушы мен Тапсырыс беруші бұдан кейін ештеңеге міндетті емес.

18. Байқауды Ұйымдастырушы мен Тапсырыс берушінің жұмысшылары мен туыстары байқауға қатыса алмайды. Сонымен қатар байқауды Ұйымдастырушы мен Тапсырыс беруші мәліметтерді бұрмалау арқылы немесе басқа да жолмен артық дауыс алған тұлғаларды байқаудан шеттетуге құқығы бар. Мұндай жағдайда ұтыс қайта алынуы мүмкін.

 

19. Байқауға қатысу арқылы Қатысушылар байқауды Ұйымдастырушы мен Тапсырыс берушіге байқау өткізуге бағытталған жеке мәліметтерін ерікті түрде ұсына отырып, байқауды Ұйымдастырушы мен Тапсырыс беруші, сонымен қатар олардың уәкілетті тұлғалары мәліметтерді өңдеудің автоматтандырылған құралдарын пайдалану арқылы мәліметтерді өңдеуіне рұқсат береді.

 

20. Байқауға қатыса отырып, байқау Қатысушысы байқауды өткізу Ережелерімен және қатысу шарттарымен танысқанын және келісім беретінін растайды, сонымен қатар егер ол байқау жеңімпазы деп табылған жағдайда оның жеңгені жайлы ақпарат, оның аты-жөні, тұрғылықты жері байқау Ұйымдастырушысы мен Тапсырыс берушісімен жарияланатынына келісім береді.

 

 

 


Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *